Астанада жоғалған мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды

Астанада жоғалған оқушының денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

24 қараша күні кешкі 18:30 шамасында жоғалған қыздың анасы полицияға хабарласып, мән-жайды айтады. Қыз үйден шығып кетіп, сол күйі хабарласпаған. Полицейлер еріктілермен бірлесіп, іргелес аумақтар мен жағалауды іздейді.

Куәгердің айтуынша, таңғы алтыда мектеп оқушысы көпірден өзенге секіріп кеткен. Кейін құтқарушылар қызды бірнеше сағат бойы іздеп, денесін тапты.

Астана Есіл өзен Оқушы

Тақырыпқа жаңалықтар