Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2025, 16:30

Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылады?

Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Билеттер 11 сәуірде сағат 11:00-де сатыла бастайды. Бір адамға ары кетсе, төрт билет қана сатылады.

Билет бағасы - 40 - 150 мың теңге. Ал сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеден болады. Концерт билеттері Freedom Ticketon сайтында сатылады. Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопес 1 тамызда Астанада концерт өткізеді.

 

Билет, сату

Тақырыпқа жаңалықтар