Қазақстан жаңалықтары12 маусым 2024, 11:12

Асырап алған балаларын қорлаған емшінің ісін қарайтын судья белгілі болды

Шымкентте қамқорлығына алған 6 баласына қатыгездік танытты деп айыпталған жергілікті емшінің қылмыстық ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Болат Қарабаев қарайтын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келген.

Кейінірек емші туралы тың дерек шықты.

Емші ісінен соң білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды.

Бұдан өзге Kazinform редакциясына емші асырап алған балалар туралы тың дерек келіп түсті.

Ондағы мәліметте бүлдіршіндердің бірі аталған отбасына небәрі 1,5 айлығында қамқорлыққа берілгені көрсетілген.

Асырап алынған балалардың арасында үш айлық егіз де бар.

Өткен аптада қоғамдық резонанс тудырған іс сотқа келіп түсті.

асырап алған балалар емші судья сот

Тақырыпқа жаңалықтар