Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 8:21

Асырап алған бельгиялық Арқалықта бір кісіге қомақты ақша берген - журналист

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі әрі редакторы Қымбат Досжан бельгиялық отбаы асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеу барысында кезіккен жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Журналистің сөзіне қарағанда, Арқалық қалалық полиция басқармасына Бельгия азаматы Жанни Эдди Савельевтің атынан және Қазақстандағы заңды өкілі ретінде өз атынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша арыз беріліп, іс қозғалған.

Алайда қылмыстық іс қандай да бір құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылыпты. 

«Асырап алған бельгиялық әйел Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметін электронды пошта арқылы алғанын мәлімдеді. Одан бөлек, асырап алған адам Арқалыққа келгеннен кейін бір кісіге қомақты қаржы бергенін де айтты, - деді Қымбат Досжан. 

Ол осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдар аралығында 80-нен астам баланы шетелдіктер асырап алғанын да мәлімдеді. 

Қымбат Досжан Бельгиялық қазақ баласы Қылмыстық іс жаңа дерек

Тақырыпқа жаңалықтар