Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 9:00

Атбасар ауданының тұрғындарына ескерту жарияланды

Атбасар ауданының тұрғындарына судың көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды.  Атбасар қаласында ЖБК аумағында судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. Сонымен бірге, Жабай өзені жағасындағы топырақтан тұрғызылған жасанды бөгеттер нығайтылып, көшелердегі су сорылып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атбасар ауданының әкімдігі / Акимат Атбасарского района (@atbasar_aydanynyn_akimdigi)

«Құрметті Атбасар қаласының және Атбасар ауданының тұрғындары! Жабай, Есіл және Жыланды өздерінің жағалауында тұратын тұрғындар, алдағы тәуліктің ішінде судың қауіпті деңгейге дейін көтерілуі күтілетінін ескертеміз. Осыған байланысты эвакуциялануға дайын болуға шақырамыз. Қажетті киім – кешектер мен құжаттарыңызды алдын ала әзірлуге және материалдық құнды заттардың су басуына жол бермеу шараларын уақытылы қолға алу қажеттігін ескертеміз. Дүрбелеңге жол бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбековтің ескертуінде.

 

 

Атбасар тұрғындар ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар