Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қамауға алынды
Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры Шухрат Данбай сот залынан қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы осындай шешім қабылдады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыстық іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып жатыр.
Облыстық прокуратураның өкілі Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры мен сатып алу департаментінің бұрынғы директорын қамауға алу жөнінде ұсыныс білдірді. Сот алқасы экс-бас директорды қамауға алуға қаулы шығарды. Ал зауыт департаментінің бұрынғы директоры үй қамақта болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: