Атырау облысында дүрбелең туғызған хакерге қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында дүрбелең туғызған хакерге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облысында бір отбасының жоғалуына қатысты әлеуметтік желіде дүрбелең туғызған азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, күдікті SIM-карта арқылы адамдардың жүрген жері мен жоғалғандардың телефондары әр аумақта қосылғаны туралы дерек жариялаған.

Облыстық полиция департаменті бұл мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарды. Жалған мәлімет таратқаны үшін күдікті заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аталған азамат бұған дейін де алаяқтық фактісімен 4 қылмыстық іс бойынша айыпталған. Қазір оған іздеу жарияланды.

хакер Атырау облыс факт

Тақырыпқа жаңалықтар