Қазақстан жаңалықтары5 наурыз 2026, 15:21

Атырау облысында сүйіктісін терезеден аңдыған адам істі болды

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ер адам 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушіні аңдып, үйіне жиі келіп терезесінен сығалаған. Ер адам әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген.

Әйел ер адамның бұл әрекетіне шыдамай, құқық қорғау органына жүгінген.

Бас прокуратураның мәліметінше, сот сталкерге 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Атырау сталкинг Қылмыс сот
2 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:44 Қазақстан жаңалықтары
2 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар