Атырау облысындағы бір ауылда оқушылар онлайн оқуға көшті
Атырау облысындағы бір ауылда оқушылар онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Облыстық білім беру басқармасы ресми мәлімдеме жасады.
Ведомство мәліметінше, Бейбарыс ауылдық округінде кеміргіштер көбейген.
Эпидемиялық қауіптің алдын алу үшін екі мектеп 19 қарашадан бастап қашықтан оқуға көшті.
Сондай-ақ дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін 2 балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды.
Басқарма жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: