Атырауда бір отбасыны жайратып кеткен күйеу бала: Марқұмның туыстары үлкен қыздың тірі екеніне қуанған

Атырау облысы Жангелдин ауылында өз үйінен өлі табылған ерлі-зайыптының туыстары — қыздары Ақбаянның тірі табылғанына қуанып отыр. Оның бұл қанды қылмысқа қатысы барына сенгісі жоқ. «Енді із-түзсіз кеткен екі бауырымыздың, ең болмағанда, сүйегін тапсақ», - дейді олар. Еске салсақ, Ақбаян мен оның азаматтық некедегі күйеуі Индонезияда ұсталған еді, деп хабарлайды Arbat.Media KTK арнасына сілтеп.

«Ақбаянның тірі екеніне қуандық. Қасында екеніне қуандық. Екі бауырымыз табылатын болды ғой. Ақбаян келіп, жазылып, емделіп, балаларын бауырына басады қой деп ойлап жыладық. Күдікті істегенінің бәрін мойнына алса екен дейміз. Қаралы отбасының туыстары Ақбаянның бұл қанды қылмысқа қатысы бар екеніне сене алмайтынын айтады. «Өз әке-шешесін айуандықпен өлтіруі мүмкін емес, ол есі кіресілі-шығасылы күйде күйеуінің қасында еріп жүрген болар деп отырмыз» - дейді марқұмның қарындасы.

Асила Мұқанғалиева марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы. Ол Ақбаян күдікті дегенге сенбейді. Асила Мұқанғалиева Ақбаянмен қалада жиі араласып тұрған. Сіңлісінің өте балажан екенін айтады. «Бауырымыздың балаларын жан-жаққа бөліп, шырылдатып, балалар үйіне алып кеткені бізге де оңай тимеді, аман-есен оралса, бес баласын бауырына алуына ағайын-туыс болып, қолдау көрсетеміз» - дейді.

Атырау Отбасы жоғалған Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар