Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мирамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
Атырауда Наурыз бен Мирамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құтқарушылар көрсетілген барлық аумақты толық тексеріп шықты.
Атырау облысының Жангелді ауылында із-түзсіз жоғалған Наурыз бен Мирамгүлді іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Іздеу-құтқару жұмыстары жергілікті полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жүргізілген.
«Полиция көрсеткен барлық аумақтар толықтай қаралды. Қазіргі уақытта іздеуді жалғастыруға қатысты қосымша бағдарлау немесе жаңа сұраныстар түскен жоқ», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: