Қазақстан жаңалықтары18 қаңтар 2024, 2:16

Атырауда өзін өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды

Атырауда 63 жасқа толатын ер адам өзін өртеп, 81 пайыз күйікпен ауруханаға түскен еді. Ер адам бүгін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық ауруханаға өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15–те жеткізілген.

«Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда өзін-өзі өртеген ер адам 81 пайыз күйікпен ауруханаға түскен.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мақат ауданында болған.

«Мақат аудандық полиция бөліміне Доссор кентінің Аймағамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында ер адамның өзін-өзі өртегені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері өзін-өзі өртеген аталған ауданның 1961 жылғы тұрғыны екенін анықтады», — деп хабарлаған еді департаменттің баспасөз қызметі. 

Атырау өзін өртеген еркек қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар