Атырауда ұрылар пәтерлерді белгілеп таңба қойып жүр

Атырауда Береке шағын ауданының тұрғындары көпқабатты үйдің есік маңынан белгісіз таңбалар мен сызаттар байқаған деп хабарлайды Arbat.Media Оzgeris.info сайтына сілтеп.

№36 үйдің тұрғындарының бірі күдікті белгілерді байқап, бейнебақылау камераларын тексерген. Бейнежазбадан белгісіз ер адамның подъезд маңында із қалдырып жүргені анық көрінеді.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай таңбалар мен сызықтар ұрылар қолданатын шартты белгілер болуы мүмкін олар үй иелерінің қашан болмайтынын немесе қай пәтерге кіру оңай екенін анықтау үшін пайдаланылады.

«Біз есік маңындағы бейтаныс белгілерді көріп, камераны тексердік. Онда ер адамның подъезге келіп, есік жанында бірдеңе істеп тұрғаны көрінеді. Біз бірден учаскелік полицейге хабар бердік», — деді үй тұрғындарының бірі.

Қазір тұрғындардың арызы полицияға жолданды. Құқық қорғау органдары жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Атырау Ұры тұрғын полиция
Кеше, 17:29 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 14:25 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:48 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар