Атырауда жас фельдшерді атып кетті

Атырауда кеше, 17 тамызда фельдшер болып жұмыс істеген ер адамды атып кетті. 23 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Деректер бойынша, бәрі жаппай төбелестен басталған. Кейінірек марқұмның достары көмекке жас жігітті шақырады. Алайда қақтығыс үдей түседі. Жанжал кезінде оқ атылып, ол оқ фельдшерге тиеді. Марқұмның артында жүкті әйелі қалды.

Атырау облысының полиция департаментінің дерегінше, қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

“Тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

 

 

Қылмыс фельдшер оқ атты Атырау

Тақырыпқа жаңалықтар