Атырауда жоғалған отбасы: Наурыз бен Мейрамгүлдің де денесі табылды

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ulysmedia.kz мәліметінше, Атырау қаласының маңынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды. Дереккөздердің айтуынша, оларды өлтіріп, Геолог ықшамауданындағы уақытша тұрғын үйдің ауласына жасырын көміп тастаған. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған.

Бұған дейін Жангелдин ауылындағы шаруашылық құрылыстан Наурыз бен Мирамгүлдің ата-анасының мәйіттері табылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды да Сәрсемәлиев өлтірген.

Қылмысты жасыру үшін сарайдың ауласынан шамамен бір жарым метр тереңдікте шұңқыр қазылып, мәйіттер сол жерге көмілген. Кейін үстіне топырақ төгіліп, линолеум төселіп, оның үстіне диван қойылған.

Атырау Отбасы Жангелдин күйеубала
Кеше, 11:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:27 Қазақстан жаңалықтары
8 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар