Атыраулық хакер Түркияда ұсталды
Нұрлан Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Қазір оны Атырауға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Нұрлан есімді жігіт Атыраудағы жоғалған отбасының екі үлкен мүшесінің мәйіті табылған кезде бұл істі белсенді түрде талдап, түсіндіріп отырған.
Сол кезде ол халық арасында танылып, әлеуметтік желіде көптеген оқырман жинаған.
Кейін оның айтқандарының көбі шындыққа сәйкес келгені белгілі болды.
Дегенмен полиция Нұрланға қатысты бұған дейін алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Ол істер бойынша жалпы келтірілген шығын көлемі 13 миллион теңгеден асады екен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: