Атыраулық хакер жоғалған отбасыға қатысты шұғыл хабарды таратты

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, кезекті сұрақтарды ортаға салды. Ол 24 қаңтарда жарияланатын екінші бөлімде бірқатар маңызды жайттарға тоқталатынын мәлімдеді.

Атап айтқанда, ол мына мәселелерге назар аударды:

 

  • Наурыздың телефоны не себепті Өзбекстан аумағында қосулы болған және сигнал нақты қай жерде тіркелгені неге әлі күнге дейін айтылмайды?
  • Бұл ақпаратты кім және не үшін жасырып отыр?
  • Араға уақыт салып, отбасының тағы екі мүшесі неге табылмады?
  • Неліктен қоғамға нақты, ашық жауаптар берілмей отыр?

 

Сондай-ақ ең резонансты сұрақты да көтерді:

 

  • Жоғалған отбасы туралы видео жарияланғаннан кейін, неге БАҚ-та "Атыраулық хакер халықаралық іздеуде" деген ақпарат пайда болды?
  • Бұл әңгімені кім таратты және оның мақсаты қандай?

 

"Сұрақтар көбейіп барады, ал жауаптар керісінше азайып жатыр. Осының бәрін екінші бөлімде айтып беремін. Видео жақын арада шығады", – деп мәлімдеді ол.

Атырау хакер Отбасы құпия

Тақырыпқа жаңалықтар