Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Алматы әуежайында 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Orda.kz жариялады.
Полицияның мәліметінше, 53 жастағы Самархан Ахметов сенбі, 13 қаңтар күні жалған құжат арқылы Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған.
Ахметов аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болды.
Құқықтық статистика комитетінің сайтында хабарланғандай, Атырау облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды іздестіріп жатыр.
Полиция ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады.
Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: