«Ауғанстандағы жер сілкінісі»: Қаза тапқандар саны 500-ден асып кетті

Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асып кетті , деп хабарлайды Arbat.Media.

1 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап жатыр.

Магнитудасы 6 балдық зілзала елдің солтүстік-шығысындағы Кунар провинциясында, Пәкістан шекарасына жақын аймақта болды.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақытпен 23:47-де тіркелді. Негізгі дүмпуден кейін бірнеше афтершок болды.

Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Ауғанстанда магнитудасы 6,3 жер сілкінісі болып, БҰҰ дерегінше 1500-ге жуық адам қаза тапқан еді.

Ауғанстан қаза тапты Жер сілкінісі Адам

Тақырыпқа жаңалықтар