Қазақстан жаңалықтары19 наурыз 2024, 9:23

Автотұрақта тұрған көліктен 17 мың доллар ұрланған

Алматының Бостандық ауданындағы автотұрақта тұрған көліктің ішінен қомақты қаржыны ұрлаған күдіктілер ұсталды. Қаскөйлер Lexus автокөлігінің иесінің жоқтығын пайдаланып, есік құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынд ы. Олар Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сондай-ақ ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бостандық ауданы ұрлық автотұрақ Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар