AZAL ұшағы апатына қатысты жаңа деректер: сараптама алынды, қорытынды жасалып жатыр

Бұл туралы журналистерге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Тергеу жалғасып жатыр. Барлық қажетті сараптамалар, яғни GPS-трекерлер, навигациялық жабдықтар және өндіруші тарабынан алынған қорытындылар бар. Қазір нәтижелер шығарылып жатыр, бұл қорытындылар комиссия мүшелерімен келісілетін болады. Комиссия құрамында, өздеріңіз білесіздер, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясының сарапшылары, сондай-ақ Embraer компаниясының өкілдері және Халықаралық (азаматтық авиация) агенттігі өкілдері бар. Сондықтан халықаралық агенттік стандарттарына сәйкес, алдағы бірнеше ай ішінде Қазақстан қорытынды жасауы тиіс. Бұл техникалық бөлігіне қатысты», — деді Бозымбаев.

Әзербайжан Ұшақ Бозымбаев сараптама

Тақырыпқа жаңалықтар