Азаматтардың жеке деректерін таратқан топ ұсталды
Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан топ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Чехия полициясы бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан халықаралық арна жойылды.
Күдіктілер Қазақстан және көршілес мемлекеттер азаматтарының жеке деректері орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған.
Олар жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдеумен айналысқан. Түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: