“Бағанашыл” балалар үйінің тәрбиеленушілеріне психологиялық көмек көрсетіледі

“Бағанашыл” балалар үйіндегі жағдвй бойынша оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомство балалардың заңмен кепілдік берілген барлық құқығы қатаң сақталатынын атап өтті.

Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, президенттің тапсырмасы бойынша балалар үйінде тұрақты тұратын балалар оқуын жалғастыру үшін Алматы қаласында қалады, ал мекеменің өзі облыстан қала қарамағына өткізілетінін жеткізді.

"Бүгін балалар үйінің емес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар көшірілді. Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған және облыстың әртүрлі бөліктерінен келген балалар уақытша тұрады.

Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар мен мекеменің өзі көшетіні шешілген болатын, бұл ақпаратты мен көктемде жариялағанмын", - дейді ол.

 

 

 

Алматы Балалар үйі Бағанашыл облыс

Тақырыпқа жаңалықтар