Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 0:24

Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы пікір білдірді

Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ — негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», — деп жазды ол.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған. 

Бағдат Мусин Қазақтелеком жаңа қызмет Пікір

Тақырыпқа жаңалықтар