Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Үкімет қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Бағлан Бекбауов бұл қызметке 2021 жылғы 10 қарашада тағайындалған еді.
Ол 1983 жылы Түркістан қаласында туған.
Қ.А. Яссауи атындағы атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-ды бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.
Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.
2008-2016 жылдары "ҰАТ" АҚ құрылымында түрлі лауазымдарды атқарған.
2016-2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры болған.
2017-2020 жылдары Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеген, кейін ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған.