Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2025, 18:41

Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-5» зымыраны әкелінді

Байқоңыр ғарыш айлағына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы шеңберінде жасалған жаңа «Союз-5» зымыраны жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Союз-5» зымыраны Самарадағы «Прогресс» зауытында құрастырылып, жинақталды. «Союз-5» — бірінші сатыда РД-171мв қозғалтқышы орнатылған бір реттік зымыран. Оның салмағы шамамен 10 тонна және 246 мың ат күшіне тең.

Алғашқы сынақтық ұшыру 2025 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған.

«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені бұрынғы «Зенит-М» кешенінің инфрақұрылымы негізінде салынып жатыр. Ресей жағы жаңа «Союз-5» зымыранын жасауға, ал Қазақстан жағы ұшыру кешенін дайындауға жауапты.

Байқоңыр Ғарыш айлақ Ресей
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар