"Балаға бұтын уқалатқыш" имам тағы да көзге түсті

Әлеуметтік желіде Сарыағаш мешітінің имамы Әбдужаппар Сманов ешмі-құшынашқа жарнама жасап, сынға қалды, деп жазады Arbat.Media Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Әшірбек атты емшінің "ерекше қасиеттерін" айтып, жарнамасын жасаған Абдужаппар Сманов: "Мынау отырған адам менің жалғыз ағамның күйеубаласы. Бұның әкесі -Шыңғысханның ұрпағы. Бойы 2 метрден ұзын болған құдамыз да адамдарға дем салатын. Әшірбектің қолында биотогы бар, аузында емі бар.

Кім ықыласпен келіп оқытылса, әлбетте шипа табады. Дем салғанда, шипа табуы үшін ықылас керек. Сенім керек. Дұрыс, ақшасы жоқ адамды тегін оқытса болады.

Бірақ ақшасы бар адамдар молданы мазақ қылғандай 1000-2000 теңге беріп кетеді. Ол адам өзінің ауруын біледі қандай екенін. Ол тілден, көзден, сиқырдан болған ауру доқтырдан жазылмайды. Әшірбек исламға лайық таза құранмен емдейді.

Келсеңіздер, әрине мынадай-мынадай демейді ешкім, бірақ адам өз ауруына қарай беруі керек" деді.

Имамның бұл жарнамасына "Шыңғысханның ұрпағы дей ме?", "рекламаны өлтірді", "сонда бұл кісі дем салу бағасын көтеріп беріп отыр ма?" деген пікірлер жазуда.

Ақпарат Мешіт имам Бала

Тақырыпқа жаңалықтар