Балық аулап отырған баланы жасөспірімдер айуандықпен ұрып кетті

Семейде Ертіс жағасында балық аулаған баланы жасөспірімдер ұрып-соққан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ертіс өзенінде 12 жастағы бала балық аулап жүрген кезде оны 14–15 жастағы бірнеше жасөспірім ұрып-соққан.

Салдарынан баланың қолы сынып, жамбас және арқа тұсы көгерген.

Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Жүнісова бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

семей Балық соққы Бала

Тақырыпқа жаңалықтар