Банк картасын басқа біреуге бергендер жауапқа тартылады

Банк картасын басқа біреуге бергендер жауапқа тартылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді өз картаңызды, шотыңызды немесе банк қосымшаңызға қолжетімділікті басқаға берсеңіз қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз.

Бұдан былай заң бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыс, 50 тәулікке дейін қамау немесе мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

Алаяқтар банк картасымен, деректерін қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбей жатады.

Карта банк Қазақ сот

Тақырыпқа жаңалықтар