«Бақты – Аягөз» теміржол жобасына қатысты мәселелер талқыланды
Бейжіңде «Бақты – Аягөз» теміржол жобасына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен China Communications Construction Company өкілдерінің кездесуі өтті. Келіссөз аясында тараптар «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасын талқылады.
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңызға ие.
Құрылысты 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. ҚТЖ және Абай облысының басшылығы тарапынан жобаны жан-жақты қолдау қамтамасыз етіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: