Бақытжан Базарбек Алматы облысының әкімін отставкаға жіберуді сұрады
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Алматы облысы әкімін отставкаға жіберуді сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғамға берілген уәдесін орындамағаны үшін мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің отставка жіберуді сұраймын!" – деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында.
Депутат әлеуметтік желіде видео жариялап, мәселелерге неге үнемі Мемлекет басшысы араласуы керек екенін, осы кезде оқу-ағарту министрі қайда болғанын айтып ашуланды.
"Неге (Бағанашыл балалар үйіне қатысты – еск.) мәселені оқу-ағарту министрі нақты әрі ашық қарауға қоймай отыр? Бұл – балалар үйі ғой. Бұл мекеме тек әкімдікке ғана емес, оқу-ағарту министрлігіне де бағынышты. Мұны министрлік үйлестіруі тиіс. Бейсембаев мырза (оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев – еск.) қайда?" – деді Бақытжан Базарбек.
Депутат балалар үйі төңірегіндегі бүкіл жағдай ашық болмағанын және ғимаратқа қатысты қорытынды жарияланбағанын тағы да атап өтті.
"Неге тіпті Мәжіліс депутаты да бұл қорытындымен таныса алмайды? Неге бұл қорытындыны жасырып отыр?" – деп сұрады Базарбек.
Сонымен қатар, депутатты неге бұл жағдайға балалар үйі ғимаратының апатты күйін тексеру үшін "ҚазҚСҒЗИ" (құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты) тартылмағаны таңғалдырды.
"Неге бұл қорытындыны түсініксіз бір жеке ЖШС жасап отыр?" – деп наразылық білдірді Базарбек.