Қазақстан жаңалықтары22 қазан 2023, 9:00

Батыс Қазақстанда киік еттері төрт комбинатқа жөнелтіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында сойылған киік еттері төрт комбинатқа жөнелтіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жаариялады.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, қазіргі кезде киіктер Жаңақала мен Казталов аудандарында ауланып, сойылуда.

«Күні бүгін 1700-ден астам бас киік сойылып, еттері Жаңақала ауданындағы «Сәулетов», Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы «Жалпақтал», Оралға қарасты Круглоозерный кентіндегі «Кубеев» ЖК және Атырау қаласындағы «Асыл-Агро» компаниясына жөнелтілді. Комбинаттар етті тоңазытқышта сақтап, халыққа сатады. Соңғы кезде Круглоозерныйдағы ғимараттың бұрын автокөлік жуу нысаны болғаны жөнінде әңгіме айтылуда. Бұған қатысты мынадай түсініктеме бергім келеді. Бұрын сондай нысан болғанымен, кейін ішін қайта жасақтап, ветеринарлық талапқа сәйкестендіріп, тиісті құжаттарын алған», деді Н.Рахымжанов.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс Қазақстан өңірлік филиалының директоры Арман Қожахметов киік ұшаларының ет комбинаттарына жіберіліп жатқанын айтып, 21 қазан күні жаңбырға байланысты бұл жұмыстың уақытша тоқтағанын хабарлады.

киіктер киік еті БҚО Комбинат

Тақырыпқа жаңалықтар