Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның денесі табылды
Батыс Қазақстанда алапат өрт 3 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кеше, 25 қаңтар күні БҚО ТЖД-ға Ақсай қаласындағы Солтүстік көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, от үйді толық қамтып кеткені анықталды. Үй ішінен 3 адамның денесі табылды.
Өрт толықтай ауыздықталды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 90 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. ТЖД өкілдері тұрғындарды абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: