«Бауырын берді»: Түркістандық тұрғын анасының өмірін сақтап қалды

Түркістан облысында ұлы анасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде екінші рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті. 54 жастағы науқасқа өз ұлы донор болды.

Науқастың диагнозы MELD – 26 балл, бауыр циррозы. Ол бірнеше жыл бойы гастроэнтерологтың диспансерлік бақылауында болған. Ұзақ уақыт ем қабылдағанымен, жағдайы нашарлап, бауыр трансплантациясын жасауға тура келген.

Науқастың 24 жастағы ұлы анасына донор болды. Ол өз еркімен донор болуға келісім берген.

Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен топ өткізді.

Түркістан Аурухана бауыр донор

Тақырыпқа жаңалықтар