Баянауылда көлік аударылып, бес адам зардап шекті

Баянауылда көлік аударылып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлеуметтік желіде Павлодар облысында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Кадрдан таулы серпантинмен келе жатқан көліктің кенеттен кюветке шығып, бірнеше рет аударылып түскені анық көрінеді.

Оқиға 16 шілде күні Баянауыл ауылына қарасты Жасыбай демалыс аймағында тіркелген. Полицияның мәліметінше, апат салдарынан бес адам жарақат алған. Екі адам оқиға орнынан бірден ауруханаға жеткізілсе, қалған үшеуі медициналық көмекке кейінірек жүгінген.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Баянауыл Көлік аударылды Адам

Тақырыпқа жаңалықтар