Бейжіңде қазақтың ұлттық құндылықтары таныстырылды
Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми ашылуына орай қазақтың ұлттық құдылықтары мен әр облыстың туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Бейжіңде Қазақстанның әр өңірінен келген делагация мүшелері қазақтың құрты мен ірімшігін, қазы-қарта, жал-жаясын, бауырсақ пен еліміздің таза балын, тіпті, Наурыз көжесіне дейін дайындап ала барған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Фото: Күнсұлтан Отарбай
Ұлттық қолөнер бұйымдарын да қонақтар алдына жайып салып, ұлттық музкалық асаптарымызбен әндерін әуелетіп, күйлерін құйқылжыта тартып, қытайлық азаматтарды өнерімен таңғалдырып жатыр.
29 наурызда қонақтарды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты, мәдени бағдарламасы бар этноауыл, сондай-ақ көрнекті әртістердің қатысуымен өтетін үлкен гала-концерт күтіп тұр.
Айта кетейік, осыған дейін Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы ресми түрде басталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Бейжіңдегі қазақ студентері аталмыш іс-шараға келген UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен қонақүйдің кіреберісінде естелік суретке түсіп, қолтаңба алған болатын.