Бельгиялық қазақ баласы өмірінде өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп жүргені туралы ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сол кезде білгеніміздей, оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім таңылған. Алайда, қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.
Мұрат біршама уақыт бойы өзі туған жерді аралап, анасын іздеді. Кейін ол анасын көрмейінше қайтпайтынын мәлімдеді. Ал жақында желідегі парақшасына кезекті жазбасын жариялап, өмірінде өзгеріс болуы екенін айтқан.
"Көреміз" бағдарламасына қатысқан шетелдік қазақ баласы тағы бір анасы болуы мүмкін әйелдің ДНҚ сынама тапсырғанын жариялады. Сондай-ақ, Қостанайға барып, ұзақ жолға шыққан.
"Бұл постты жазуымның негізгі себебі: жақында менің өмірім жайлы шығарылым эфирге жол тартпақ. Оны барлығы үлкен теледидардан немесе ютуб арнасынан көруіне болады. Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, бұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Сонымен достар, жақында менің өмірімді өзгертетіндей үлкен жаңалықтар болуы мүмкін", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.