Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша аппеляциялық сот өтті

Қалалық соттың апелляциялық алқасы бұрынғы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотталған Ернар Жиембайдың ісіне қатысты тараптардың шағымдарын қарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шымкент сотының реми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ернар Жиембайға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

Бұған дейін Ернар Жиембай бірінші сатыдағы соттың үкімімен ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiруге оқталу) кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған болатын.

Алайда жәбірленуші, сотталған мен оның қорғаушылары үкіммен келіспей, апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Жәбірленуші тарап өз шағымында Жиембайды ҚК-нің ауыр бабымен, яғни ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 2 және 6-тармақтарымен кінәлі деп тануды сұрады.

Сотталған және оның қорғаушылары өз шағымдарында Ернар Жиембайдың әрекетін ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігінен ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қайта саралауды және оған осы баппен белгіленген ең төменгі бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Прокурор үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Алқа істі қарап, бірінші сатыдағы соттың Жиембайдың кінәлі екені туралы тұжырымдарымен келісті. Іс бойынша қабылданған сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге ҚПК-нің 433-бабында көрсетілген негіздер анықталмады. Сол себепті, 2025 жылғы 9 қазандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Берденов сот Шымкент Жиенбай

Тақырыпқа жаңалықтар