Берденовты атқан адам сотта соңғы сөзін сөйледі
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін айыпталушы Ернар Жиембай соңғы сөзін сөйледі.
Айыпталушы соңғы сөзінде кінәні ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.
"Тағылған айыппен ішінара келісемін. Алайда бұл оқиға өздігінен болған жоқ деп сеніммен айта аламын. Ақыл-есім сау, бұл сараптама нәтижелерімен де расталады. Ешқандай себепсіз бейтаныс адамды қорқыту үшін қару алып, атпас едім. Сот процесінде берген айғақтарымды толық растаймын. Жәбірленуші Руслан Арысбекұлы Берденовтен болған оқиға үшін кешірім сұраймын", - деді ол.
Судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне шықты. Бұл іс бойынша үкім жарияланатын уақыт қосымша хабарланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: