Білім беру бағдарламасына жаңа мамандықтар енгізу ұсынылды
ҚР Су ресурстары министрлігі жоғары және жоғары оқу орнындарының кейінгі білім беру бағдарламасына жаңа мамандықтарды енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жариялады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне түзетулер енгізіп, бірқатар мамандықтарды қосуды ұсынды.
«Гидротехникалық құрылыс және нысандар», «Мелиорация және суармалы егіншілік», «Елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру», «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық мелиорация», «Су шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Инновациялық технологиялар және оларды су шаруашылығында пайдалану», «Ирригациялық жүйелердегі гидроэнергетикалық нысандар», «Гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру», «Су шаруашылығы экономикасы» мамандықтары.
Дәл осы мамандықтарды магистратура және докторантура бағдарламаларына да қосу ұсынылады. Ал, бейінді жоғары оқу орындарының студенттері гидротехникалық құрылыстардың барлық түрі бар министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында өндірістік практикадан өтеді деп жоспарланып отыр.