Бірнеше апаттардан кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салу ұсынылды

Бір аптада Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болған жол апатынан 10 адам қаза тапқан. Депутат Ерлан Сайыров жантүршігерлік жол апаттарының санын азайту үшін аталмыш көлікпен адам тасымалдауға тыйым салу керегін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мұндай апаттар заңсыз тасымалдар мен бақылаудың аздығының нәтижесі екенін атап өтті. Ол Alphard-қа толық тыйым салуды және заңсыз тасымалдау жұмыстарын жүргізгендердің барлығын жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салынды. Бірақ олар қалааралық тасымалды жалғастыруда. Автоэксперт Алексей Алексеев жол апатының азаюы үшін кешенді стратегия қажет екенін айтады. Ол жүргізушілерді тұрақты бақылауды, әр алты ай сайын міндетті түрде көлікті техникалық тексеруден өткізуді, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды ұсынды.

Көлік депутат тыйым салды Апат

Тақырыпқа жаңалықтар