Биыл қыс қандай болады
ФОТО: pixabay.com
pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2024, 14:00

Биыл қыс қандай болады

«Қазгидромет» күздің қазіргі қара суығы мен ерте жауған қарына қарап, тұрғындарға уайымдаудың қажеті жоқ дейді. Себебі қыста еліміздегі ауа температурасы қалыпты нормада болады деп күтілуде. Желтоқсан мен қаңтарда еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысында күндіз ауа температурасы минус 12, ал Солтүстікте түнде 45 градусқа түсуі мүмкін. Батыс пен оңтүстік аймақтарда күндіз 0 градус, түнде -35 градусқа дейін аяз күтілуде. Ал ақпанда күн күрт жылынуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көктемге қарай еліміздің басым бөлігінде сынап бағамы нормадан бір градусқа жоғары болады деген болжам бар, деп жазады КТК телеарнасы.

Десе де суық күндерді тұрғындар қарашада сезе бастайды. Осы аптада келген суық циклон республикамыздың бүкіл аумағында қарашаға дейін тұрады. Сондықтан көктайғақ пен қалың тұман әбігерге салуы мүмкін. Осыған байланысты бүгін тіпті алматылық көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекке айырбастауға кеңес берілді.

Жанат Жақыпбек, Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

— Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарындағы көлік иелерінің қауіпсіздігі үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн. Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қатысты жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 мың тонна материал дайындалған. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жұқа мұздың пайда болуы қаупіне байланысты абай болуы қажет.

Қазгидромет синоптиктер қыз 2024 жылғы қыс

Тақырыпқа жаңалықтар