Биыл соғыс ардагерлеріне қанша теңге беріледі?

Елімізде биыл соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге беріледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Бір реттік жәрдемақы Жеңістің 80 жылдығына орай беріледі. Қазір Қызылорда облысында екі ардагер тұрады. Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек оларға тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Облыста Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тыл ардагерлеріне 50 АЕК (196 600 теңге) мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

Ақша, теңге, ардагер

Тақырыпқа жаңалықтар