Биыл Шымкентте 55 жасөспірім бала туған
Шымкентте жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 73 қыз жүкті болған. Оның 55-і сәбиін дүниеге әкелген. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында белгілі болды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша, былтыр Шымкентте 54 жасөспірім ана атанған, - деп хабарлайды Arbat.media.
«2024 жылы 5 айда қала бойынша босанған жасөспірімдер саны — 55, 2023 жылы — 54. Биыл 5 айда қала бойынша РСБ порталы арқылы босанған жасөспірімдер саны — 44. Оның біреуі 15 жасқа толмаған, бесеуі — 16, қалған 38-і — 17 жаста», -дейді басқарма басшысының орынбасары.
Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түрлі бағдарламаның жүргізіліп жатқанын айтып отыр.Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: