Биыл түркістандық диқандар судан тапшылық көрмейді
Фото: Kazinform
Виктор Федюнин
Қазақстан жаңалықтары4 маусым 2024, 11:00

Биыл түркістандық диқандар судан тапшылық көрмейді

Биыл түркістандық диқандар суармалы судың тапшылығын көрмейді. Түркістан облысы бойынша жалпы көлемі 552 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 332,0 мың га егістік алқабы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы арқылы ағын сумен қамтамасыз етіледі. Биыл аталған мекеме егістікке арналған суармалы судың бағасын 30 пайызға қамбаттатты. Яғни, диқандар 1 текше метр су үшін 1 теңге 70 тиыннан төлеп келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұрын егістікке суды ортадағы ауыл шаруашылық кооперативтері арқылы жеткізетінбіз. Биылдан бастап диқандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында тікелей өзіміз жеткізіп берудеміз. Ортадағы артық төлемдер алынып тасталды. Бұл халыққа тиімді болып отыр» - деді Қазыбек Бедебаев.

Спикердің сөзіне сүйенсек, шаруалар биыл судың тапшылығын көрмеуі керек. Себебі, тиісті министрліктер тарапынан көршілес елдерден келетін суармалы су бойынша келіссөздер жүргізілген. Сондай-ақ, арналарда жүргізілген механикалық тазалау жұмыстарының нәтижесінде егістік алқаптарына ағын су жеткізу мүмкіндігі артқан.

«Бізде көбінесе трансшекаралық каналдар арқылы келетін судан мәселе туындайтын. Министрлік тарапынан көптеген жағдайлар шешімін тауып жатыр. Қазір ауа – райы да қолайлы болып тұр. Егерде форс-мажорлық жағдай болып қалмаса, диқандар су тапшылығын сезінбейді» - деді Қазыбек Бедебаев.

Түркістан диқандар Су тапшылық

Тақырыпқа жаңалықтар