Біз өркениетті ел боламыз десек, вандализмге түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы жуырда Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиғаны атап өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президенттің айтуынша, соңғы уақытта тарихи және мәдени нысандарға қасақана зиян келтіру жағдайлары жиілеп кетті.

«Жақында ғана Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиға бойынша тиісті өкілетті органдар қатаң құқықтық қорытынды шығаруы керек. Біз тұтас қоғам болып осындай заңсыз әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы тұруымыз қажет», - деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау туралы ой қозғады.

Қазақстанда «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы бекітіледі, «Жылдың он оқырманы» республикалық жобасы өткізілетін болады.

Сондай-ақ баршаға қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады.

Тоқаев Басшы мемлекет Қылмыс
Кеше, 10:12 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:24 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:22 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар