Блогер Жанәбіловтердің қылмыстық ісі бойынша сот отырысы басталды
Блогер Жанәбіловтердің қылмыстық ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала тыңдалымда олардың адвокаттары іс материалдарында коммерциялық құпия барын айтып, сот процесін жабу өткізу туралы өтініш білдірді. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Жанәбіловтер өздерін видеоға түсіруге тыйым салды.
Еске салсақ, жұп Instagram аккаунтынан қаражат жинау үшін алаяқтық схеманы ұйымдастырды деп айыпталып отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: