Бозымбаев қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмек көрсетілетінін айтты

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйдегі өрттің себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қабылданып жатқан жедел шаралар туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, Білім вице-министрі Асылбек Ахметжанов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ауруханаға жатқызылған үш адам жансақтау бөлімінде екен. Құтқарушылар келген кезде 1986 жылы туған зардап шеккендердің бірі үйден өздігімен шыққан. Оның жағдайы ауыр, денесінің 12% күйіп қалған.

Өрттің себебі анықталып жатыр. ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өрт орнында өртке қарсы қызмет комитеті мен анықтау басқармасы басшылары жұмыс істеп жатыр.

Вице-премьер әкімдікке және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қаза тапқандардың отбасыларына толық көлемде қажетті материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Қажет болған жағдайда санавиацияны пайдалана отырып, зардап шеккендерді Астанаға тасымалдауды ұйымдастыру керегін айтты.

Ішкі істер министрлігіне адамдардың қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысын бақылауға алуды, Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп тұрғын үйлер, жатақханаларға рейд жүргізуді тапсырды.

Бозымбаев премьер Түркістан Жетісай

Тақырыпқа жаңалықтар