Қазақстан жаңалықтары5 тамыз 2025, 11:31

БҚО-да 4 мыңнан астам киік ауланды

БҚО-да 1 шілдеден бері 4 мыңнан астам киік ауланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мамандар 1 ай ішінде аңдалған жануардың саны аз екенін айтады. Олардың айтуынша, аңшылар киік аулауға салғырттық танытып жатқан көрінеді.

Ктік етін жеткізу мақсатында 7 кәсіпорынмен келісім бар. Бірақ қазіргі таңда киік еті тек 5-еуіне ғана жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар еттен консерві жасау жоспарланған еді. Алайда шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты комбинат етті қалбырда бұқтыруға әлі кіріспеді. Бүгінде 5 бригада ақбөкен атумен айналысады.

Ал 1 қыркүйектен бастап киіктерді жаппай тормен аулау басталады.

Киік аулау БҚО ату
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар