Қазақстан жаңалықтары7 тамыз 2024, 12:00

БҚО тұрғындарының 100 млн теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды

Орал қаласында алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы тұрғын ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Атап айтқанда, Жаңақала ауданының тұрғыны алаяққа 30 млн теңгесін аударып жіберген. Ал Орал қаласының тұрғыны үйді ресімдеу үшін 27,8 млн теңгесін берген. Облыс тұрғындарына келтірілген жалпы залал көлемі 100 млн теңгеден асады. Алаяқтық деректері негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті қырағы болу, бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеу керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.

100 млн теңге БҚО алаяқ тұрғындар

Тақырыпқа жаңалықтар